22 Тамыз, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Су тапшылығына байланысты Жамбыл облысының 6 ауданында төтенше жағдай жарияланды.
Төтенше жағдай режимі Байзақ, Тұрар Рысқұлов, Жамбыл, Қордай, Меркен, Талас аудандарын қамтыды. Бұл облыстағы су тапшылығы мен күн райының қалыптан тыс ыстық болуы байланысты жасалып отыр.
Биыл суармалы егінге су жетіспеуінен шығын өткен жылмен салыстырғанда шамамен 25-30%-ға артқан. Ведомствоның дерегінше, Жамбыл облысында 7,8 мың гектарға жуық егін шығынға кеткен, оның 1,2 мың гектары қант қызылшасы.
Үкімет қазір жергілікті шаруалардың шығынын өтеу үшін төтенше резервтен қаржы бөлуді қарастырып жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір