• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Қазан, 18:24:43
Алматы
+8°

Қазақстанға атом электр станциясы салынады деген ақпарат шыққалы қоғамдық пікір қақ жарылды. Билік пен энергетика мамандары жақын келешекте Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы қатты сезілетінін айтып, АЭС аса қажет десе, кей азаматтық және экологиялық белсенділер бастамаға қарсы.

Бүгін АЭС салынатын жер ретінде белгіленген Алматы облысы Үлкен ауылында жергілікті халықтың қатысуымен қоғамдық тыңдау өтті. Жиын барысында нақты шешім қабылданбады.

Энергетика министрлігі болса, жергілікті халық қоғамдық тыңдауда АЭС салуды қолдағанын хабарлады.

Қазақстанға АЭС салу мәселесінде Ресей аса белсенді. 2019 жылы Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Тоқаевпен кездесуде Қазақстанда "ресейлік технология" бойынша АЭС салу туралы ұсыныс айтқан. Бірақ қоғамда АЭС-ті Кремльдің салуына қарсылардың қарасы аз емес.

Осыған орай оқырман пікірін білгенді жөн көрдік: Қазақстанға АЭС керек пе?

Жауап нұсқалары:

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АЭС Алматы облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір