24 Тамыз, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев Қазақстандағы көші-қон процестері туралы айтып берді.
Оның хабарлауынша, ағымдағы жылы Қазақстанға 13,5 мың қандас келген, оның 8,5 мыңы еңбекке қабілетті азаматтар. Сонымен қатар, биыл елде 321 босқын, 559 баспана іздеуші тіркелген.
Журналисттердің сұрағына жауап бере отырып, Ертаев биыл елден 200 мыңға жуық қазақстандық кеткенін мәлім етті. Олардың көпшілігі шетелге нәпақа іздеп кеткен.
"Биылғы жылдың бірінші тоқсанында 194 мың қазақстандық шетелге кетті. Олар негізінен ақша табуға кетті. 2022 жылы 25 мың қазақстандық өзге мемлекеттерге оқуға аттанды", - деді ол.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір