• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 12:35:53
Алматы
+12°
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі телеарналарда ережесіз жекпе-жек сияқты спорт түрлеріне шектеу қойылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі министрліктің Telegram каналына сілтеме жасап.
 
Министрдің айтуынша, бұл шараның негізгі мақсаты – зорлық-зомбылықты азайту. Әйтпесе, мектеп оқушылары арасында ММА әдістерін қолдану әрекеттері жиілеп кеткен.
 
"Телеарналарда зорлық-зомбылықты азайту мақсатында ережесіз жекпе-жек сияқты спорт түрлеріне де шектеу қойып жатырмыз. Себебі көп жағдайда сондай бағдарламаларды көрген жеткіншектер, әсіресе, мектеп балалары сол әдіс-тәсілдерді қолдану мақсатында кейде бір-біріне қол көтеріп жатады. Біз оны кейде байқамай, WhatsApp арқылы таратып жатамыз. Мысалы, қыздардың төбелесіп жатқанын немесе ер балалардың бір-бірін аяусыз ұрып жатқаны жайлы видеолар шарлап жүреді. Ал зорлық-зомбылық немесе қатыгездік керісінше, сол қытыгездікті туғызатыны белгілі", - дейді Қыдырәлі.
 
Оның айтуынша, 6 айда жастар арасында 252 қылмыс тіркелген. Соның басым бөлігі қатыгездік әрекет. Бұдан бөлек, биыл жарты жылда зорлық-зомбылықты насихаттайтын 219 контент анықталған.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір