29 Тамыз, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов журналистердің Беларусьтегі ҰҚШҰ-ның алдағы оқу-жаттығулары туралы сұрақтарына жауап берді. Министр ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымының оқу-жаттығуына қатысу үшін Қарулы күштердің 11 әскери қызметшісі Беларуське кеткенін растады.
"Интернеттегі Қазақстанның әскери техника жібергені туралы ақпараттар – жалған. Барлық техникалар өз орнында тұр. Ал 11 адамнан құралған жедел топ Беларуське кеткені рас. Бұл басқару орындарының жұмысы болып табылады", дейді министр.
Бұдан бөлек министр оқу-жаттығудың Украинамен шекаралас аймақта өтіп жатқаны туралы сұраққа жауап берді.
"Бұл жерде Украинаның қатысы қанша? Беларусь - ҰҚШҰ құрамындағы тәуелсіз мемлекет. Оқу-жаттығу өтетін жер де алдын-ада хабарланады. Ешқандай қауіп-қатер жоқ. Сондай-ақ бізде ҰҚШҰ штабы бар. Онда арнайы тренингтер мен сабақтар өтеді. Қазақстан өзінің барлық халықаралық міндеттемелерін орындайды", деп жауап берді Руслан Жақсылықов.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір