• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:23:05
Алматы
+12°

Ақтөбе соты Болат Назарбаевты заңсыз иеленген мүлік үшін 19 млн 451 мың теңге төлеуге міндеттеді. Бұл туралы  Ratel_kz агенттігі жазды. 

2013 жылы Болат Назарбаев "Ақтөбе өндірістік компаниясына" 1,5 миллиард теңге несие берген. Алайда кейін ақшаның компания шотына түспегені белгілі болған. 2021 жылдың 20 қазанында "Ақтөбе өндірістік компаниясы" сот шешімімен "банкрот" деп танылған.

Компания банкротқа дейін бір жыл бұрын 1 зауыт пен құны 751 миллион болатын құрал-жабдықтарды несие өтемі ретінде Болат Назарбаевқа берген. Кейін қаржы операцияларын тексере келе, Болат Назарбаевтың "Ақтөбе өндірістік кәсіпорнына" ешқандай ақша аудармағаны анықталды.

Өткен жылы қыркүйекте өткен сот Назарбаевтың кәсіпорынға қаржылай көмек көрсетпегенін растады. Енді компанияның банкротқа ұшырауына байланысты Болат Назарбаев заңсыз иеленген мүлікті қайтарып, компанияға 19 451 000 теңге өтемақы төлеуі тиіс. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: болат назарбаев сот

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір