• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Қазан, 07:43:36
+8°

Конституция күні қарсаңында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингке Алматы қалалық сотының судьясы Роза Айнақұлова мен Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Айман Жаңбырбаева қатысты. 

“Конституцияның 3-бабында атап өтілгендей, республикадағы мемлекеттік билік біртұтас, Конституция мен заңдар негізінде оны заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу және тежеу мен тепе-теңдік жүйесін пайдалана отырып өзара іс-қимыл жасау қағидатына сәйкес жүзеге асырылады. 2021 жылғы 01 шілдеден бастап іске асырылған әкімшілік юстиция дәл осы Қағиданың іске асуы болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, азаматты атқарушы биліктің теріс әрекеттерінен сот арқылы қорғау тетігі”, - деді Р.Айнақұлова.

Спикердің мәліметінше, 2021 жылы шешім шығарумен аяқталған 767 істің жартысы талап қоюды қанағаттандыру жайлы, атап айтқанда 354 немесе 46%.
2022 жылы шешім шығарумен аяқталған 1939 істің жартысы талап қоюды қанағаттандыру жайлы (996 немесе 51%). Ағымдағы жылдың 6 айында шешім шығарумен аяқталған 701 істің жартысы талап қоюды қанағаттандыру жайлы (49,5%).
 
Сонымен қатар ол, 30 тамыз 1995 жылы республикалық референдумда қабылданған Конституцияға 7 рет өзгерістер енгізілгенін еске салды. Бұл ретте, 2023 жылғы 5 маусымдағы республикалық референдумда қабылданған Конституцияға елеулі өзгерістердің бірі Конституциялық сот құру болып табылады. Мұндай орган 1992 жылдан 1995 жылға дейін жұмыс істеді, деп атап өтті спикер.

“Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 3-тармағында азаматтардың өтініштері бойынша Конституциялық сот Конституцияда бекітілген олардың құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарайды деп көзделген. Конституциялық Сот Төрайымы Эльвира Асимованың 2023 жылғы 21 тамыздағы “The Astana Times” басылымындағы мақаласында келіп түскен 4000 өтініштің төрттен бірі қаралғаны жөн екені айтылған. Судьялар 23-і бойынша қаулы шығарды, 40-ы қаралуда”, - деп бөлісті ол.

Конституциялық Соттың құзыретіне сәйкес сот жыл сайын Парламентке Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жолдау жібереді. Конституцияның 4-бабының 2-тармағында көрсетілгендей, Конституция Республиканың бүкіл аумағында жоғары заңдық күшке және тікелей қолданысқа ие.

Брифинг соңында судьялар алматылықтарды Конституция мерекесімен құттықтады.

«Конституция-азаматтардың қоғамдық және рухани келісімін нығайтатын және егемендік пен құқықтық мемлекеттің кепілі болып табылатын негізгі заң. Барлық алматылықтарды мерекемен құттықтаймыз және сіздерге амандық, бақыт және табыс тілейміз», - деп түйіндеді Р. Айнақұлова.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір