• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 10:30:04
Алматы
+7°

Өзбекстан Республикасында екі немесе одан көп әйелмен бірге тұратын ер адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тартатын заң жобасын қабылдады.  Сондай-ақ, қоғамдық орында бетті тұмшалап жүруге тыйым салатын заңға өзгеріс енгізілді. 

Өзбекстан жоғарғы палатасының пленарлық отырысында әкімшілік және қылмыстық кодекстің заң жобасына өзгертулер мен толықтырулар қабылданған. Бұл туралы Өзбекстан Парламентінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Депутаттар ер мен әйел арасындағы құқықтық теңдікке күмән келтіретін әрекетті айыптайтын заң жобасын мақұлдады. Құжатта екі немесе одан көп әйелмен бірге тұратын ер адамдарды әкімшілік жауапқа тарту көзделген" –делінген хабарламада.

Өзбекстан депутаттары заң жобасын бірауыздан мақұлдаған. Қазіргі таңда құжат жобасы Сенатқа жіберілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір