Мароккодағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2122-ге жетті. Билік өкілдері 2421 адамның жарақат алып, 1400 адамның жағдайы ауыр екенін хабарлады.
Мемлекеттің орталығына айналған Марракеш қаласы жер сілкінісінен қатты зардап шеккен. Қаладағы тарихи орындар мен XII ғасырдан сақталған қала қабырғалары қираған.
Еске салсақ, жер сілкінісі 8 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 23:11-де болған. Жер асты дүмпулері Марокконың көптеген қалаларында, сондай-ақ Испанияда, Португалияда, Алжирде және басқа елдерде сезілді.
Жер сілкінісінің ошағы 18,5 шақырым тереңдікте орналасқан, ал магнитудасы 6,9 деп бағаланды. Мамандардың айтуынша, мұндай қатты жер сілкінісі Мароккода соңғы 123 жылда болмаған.
Пікір қалдыру