12 Қыркүйек, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Польшаның Быдгощ қаласында өткен ІХ командалық әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Финалда команда Грузия құрамасынан жеңілді. Команда сапында Бибісара Асаубаева, Әмина Қайырбекова, Меруерт Камалиденова мен Алуа Нұрманова өнер көрсетті. Бұл – Павел Коцур баптайтын ұлттық құраманың алғашқы жеңілісі. Осыған дейін Қазақстан топтық кезеңде Грузиямен тең түсіп (2-2), қалған қарсыластың бәрін ұтқан.
"Грузиялық ойыншылардың тәжірибесі жас әрі дарынды Қазақстан құрамасынан басым түсті, жастар (орташа жас – 18) үмітті ақтады, еліне күміс медальді алып кетеді", - делінген ФИДЕ хабарламасында.
Бұл медаль Қазақстан құрамасының әлем чемпионаттарындағы ең үздік жетістігі болды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір