• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қыркүйек, 02:24:39
Алматы
+35°

13 Қыркүйек, 2023 NEWS

Назарбаев жасарамын деп әлі жанталасып жүр

Клиника сүйек жасушаларынан жаңа клетка жасап, жасартумен айналысады.

Фотоколлаж qamshy.kz

Әлеуметтік желіде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Барселонада жаңа клиникасы ашылғаны туралы ақпарат тарады. Dala Inside  телеграм арнасындағы мәліметке сүйенсек, Назарбаевтар әулетіне тиесілі «Mediker» клиникасы осыдан 4 жыл бұрын салына бастаған. Аталған клиника сүйек жасушаларынан жаңа клетка жасап, жасартумен айналысады. Бейресми деректе аталған клиникаға 5 млрд теңге жұмсалған деп көрсетілген.

Испанияның Барселона қаласында «Mediker» атты регенеративті клиника ашылғаны рас. Клиниканың архитектурасын «Talleres inox» құрылыс компаниясы жасаған. Олардың ресми сайтында құрылыс әлі жалғасып жатыр деп көрсетілген. Сондай-ақ тапсырыс беруші ретінде испаниялық Grupo Elecnor компаниясы жазылыпты.

ацы

«Бұл – Барселонадағы жоғары деңгейдегі рұқсатнамасы бар мамандандырылған жекеменшік аурухана. Жаңадан салынған аурухана басқаларға ұқсамайды әрі архитектураның ерекше символьдық туындысы ретінде қарастырылады», делінген құрылыс компаниясының ресми сайтында.

цыа

«Mediker» клиникасының жалпы территориясы – 4192 шаршы метр. Клиникада бірнеше қызмет түрі бар: стоматология, реабилитация, травматология мен пластикалық хирургия. Бұдан бөлек, ауыр операциядан кейінгі реанимация бөлімімен жабдықталған заманауи хирургиялық блок бар.

авы

Қазақстанның бірнеше қаласында «Mediker» ауруханасының филлиалдары бар. Клиниканың басқарушы директоры ретінде 2021 жылдан бүгінге дейін Базарбаев Сабыржан Еркінұлы деп көрсетілген. Дегенмен ол туралы не әлеуметтік желіде, не ғаламторда толық ақпарат жоқ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір