• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 13:59:13
Алматы
+35°

Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыруға байланысты соталды тергеу жалғасып жатқанын хабарлады. 

Тергеу шеңберінде жалпы құны 90 миллиард теңгеден асатын активтерді, оның ішінде: мұнай кен орнын, газ тарату компаниясын, сервис саласындағы кәсіпорынды, қонақ үй және сауда-ойын-сауық кешендерін, фитнес орталықтар желісін, кеңсе үй-жайларын және басқа да активтерді мемлекет меншігіне ерікті түрде қайтару жөнінде шаралар қабылданған.

Сондай-ақ, Қайрат Боранбаев Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 миллиард теңге аударды. Осы объектілердің барлығы мемлекеттік органдар мен компаниялардың балансына берілетіні хабарланды, ал ақшалай қаражат білім беру инфрақұрылымын дамыту үшін пайдаланылады.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Боранбаев табиғи газ импорты кезінде қаражатты жымқыру бойынша 14,5 миллиард теңге көлемінде материалдық шығынды өтеген болатын.

Еске салайық, бұған дейін прокурор Қайрат Боранбаевты 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Кейінірек Қайрат Боранбаев қанша жылға сотталғаны белгілі болды.

Сонымен қатар, сотта Боранбаевтың қандай мүлкі тәркіленетіні айтылған еді.

 
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір