14 Қыркүйек, 2023 Барлық аймақтар
Фото: ашық дерек көздерінен алынған
1 қазанынан бастап тұмауға қарсы вакцина салынады. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Нұрқан Сәдуақасов эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу туралы қаулыға қол қойды.
Қаулыда мына бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілетіні айтылған:
– 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы екпе егу;
– Медициналық ұйымдарда кіре берісте маскаларды қолдануды және антисептиктердің болуын қамтамасыз ету;
– Жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмау белгілері бар жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі балаларды үйге шақыру бойынша қызмет ету;
– Мектепке дейінгі ұйымдарда күнделікті таңертеңгі тексеріс өткізу, ЖРВИ және тұмау белгілері бар балаларды анықтау.
– Орта білім беру ұйымдарында: бір инкубациялық кезең ішінде бір сыныпта 20-дан 30%-ға дейінгі оқушылар арасында ЖРВИ ауруын тіркеген кезде аудиториялық оқыту жүйесін жою ұсынылады. Сыныпта науқастардың 30%-дан астамы болса, оқушылар онлайн оқытуға көшеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір