15 Қыркүйек, 2023 Барлық аймақтар
Балабақша мен мектептер мемлекеттік туды ілуге міндеттеледі
Ендігі кезекте білім беру орталықтары мен балабақшаларда ұдайы ту ілініп тұруы міндеттеледі. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ашық НҚА порталында жариялаған Үкімет қаулысында баяндады.
Фото: ашық дерек көздерінен
Бүгінге дейін жаңа оқу жылының ашылу және оқу жылының аяқталуың салтанатты рәсімдері кезінде ғана ту ілінетін. Жаңа қаулыда тізімге балабақшалар, өзге де мектепке дейінгі білім беру мекемелері енгізіліп отыр. Құжатта жеке үйлерге мемлекеттік туды ілу тәртібі де көрсетілген. Мысалы, көпқабатты самалдық (балкон) не үйдің басқа бөлігінде мемлекеттік туды көлбеу түрде (45 градустан көп болмауға тиіс) орналастыруға рұқсат етіледі. Басты шарт – ту жерден 3 метрден төмен емес биіктікте орнатылуы тиіс. Ілуге рұқсат етілетін ту мөлшері – 1х2 м.
Есте ұстаңыздар, үй-жайына мемлекеттік тұрғындар бұл оларға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Туды қорлау жайттарына қатысты қатаң жаза бар.
Мемлекеттік туды қорлау фактілері:
- физикалық түрде залал келтіру (жырту, жағу, өртеу, қасақана жерге тастау, таптау, қоқысқа лақтыру);
- коллаждар жасау арқылы мемлекеттік туды қорлау, тыйым салынған және мақсатқа сай емес жерлерде пайдалану, әлеуметтік желілерді қоса алғанда мемлекеттік туды көпшілік алдында мазақ ету, балағаттау.
Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 27 қыркүйекке дейін.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір