• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Қазан, 21:28:35
Алматы
+8°

15 Қыркүйек, 2023 Барлық аймақтар

Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесі өтті

Тәжікстанда Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: akorda.kz сайтынан алынған

Саммит қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:

1. Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының Душанбе мәлімдемесі;

2. Тәжікстан Республикасының Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалығының қорытындылары туралы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі;

3. Халықаралық Аралды құтқару қорының ұйымдық құрылымын және шарттық-құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі қызмет туралы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі;

4. Халықаралық Аралды құтқару қорының Президентін сайлау туралы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасында жұмыс сапарымен жүр.

Президент Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесі отырысына қатысып, баяндама жасағаны хабарланған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір