• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Қазан, 22:42:09
Алматы
+8°

18 Қыркүйек, 2023 Барлық аймақтар

Алаяқтар Әділет министрлігінің атынан хабарласатын болды

Қазақстанда алаяқтар өздерін әділет органдарының қызметкері ретінде көрсетіп, азаматтардың жеке мәліметтерін сұрайды, деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

Фото: ашық дерек көзінен алынған

Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли алаяқтар азаматтарды сендіре түсу үшін жалған кәуілік ұсынатынын айтып, ескерту жасады.

«Соңғы уақытта алаяқтар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі басшылығының атынан азаматтармен байланысып, жеке мәліметтерді сұрап жатыр. Әділет министрлігі жеке деректерді (аты-жөні, ЖСН, мекен-жайы, телефоны) үшінші тұлғаларға және күмәнді интернет-ресурстарға  жарияламауын сұрайды», – деді Талғат Уәли азаматтарға.

Есте сақтаңыздар, Департамент басшылығы мен Әділет министрлігінің қызметкерлері телефон қоңыраулары мен SMS арқылы деректерді сұрамайды. Алаяқтар байланысқан жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласу қажет.

Әділет министрлігінің қызметі жайында ақпаратты 119 телефоны бойынша байланыс орталығынан алуға болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір