• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 06:52:23
Алматы
+12°

Жақында Өнеркәсіп және құрылыс министрі болған Қанат Шарлапаев журналистердің сұрақтарына жауап беріп, бірнеше уәде берді. Үкіметте өткен брифинг кезінде журналистер министрдің шетелде дүниеге келгенін айтып, қазақша білетінін сынап көрді. 

«Мен қазір өзім қазақ тілін меңгеріп жатырмын. Аптасына 5 рет сабақ алам, мұғалім келеді, сонымен қазақша сабақ алам. Ең алдымен, мен ешқандай бөтен, өзге адам емеспін. Мен Қазақстанға қайтып келген қандаспын», - деді Қанат Шарлапаев.

Бұдан бөлек министр бұрынғы жұмыс істеген орны "Бәйтерек" холдингінен өз командасын әкелмейтінін айтты. 

"Келгелі бір адамды да өзгерткен жоқпын. Қандай әріптестерім болды, бәрі қалды. Министрлікте де бұл нәрсе сақталады. Мен өзімнің вице-министрлерімді өзгертпеймін, өз жұмысын білетін адамдармен жұмыс істеймін", - деді министр.

Қанат Шарлапаев 1981 жылы Ресейдің Саратов облысында дүниеге келген. Бұған дейін  Ресей және Ұлыбритания азаматы болған министр қазір Қазақстан азаматы. Өнеркәсіп министрі қызметіне тағайындалғанға дейін "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір