19 Қыркүйек, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Танымал журналист Жанат Бақытқа әлеуметтік желідегі діни жазбалары үшін 172 500 теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Атырау облысы Дін істер басқармасы хабарлады. Ведомстваға Атырау облысы тұрғындарының атынан бірнеше арыз келіп түскен.
"Арызда әлеуметтік желіде танымал журналист желідегі парақшалары арқылы ислам дініне тіл тигізіп, барша мұсылмандардың, соның ішінде жеке діни сезіміне қорлық жасалғанын көрсеткен. Осы ретте басқарма тарапынан Instagram әлеуметтік желісіндегі Zhanat Baqyt және zhan_zhihany парашалары Дін істері комитетіне дінтану сараптамасын жасауға жолдаған болатын. Сараптама қортындысы негізінде, бұл парақшаларда шынымен ислам сенімін ұстанатын азаматтардың діни сенімін қорлауға және өз кезегінде қоғамда түрлі діни талас-тартыстарға себеп болатын ақпараттар жарияланғаны анықталды. Қазіргі таңда Алматы облысы Талғар ауданының сотының шешімімен парақшалардың иесі кінәлі деп танылып айыппұл салынғанын хабарлаймыз. Алдағы уақытта бұл парақшаларды бұғаттау үшін ақпаратты Мәдениет және ақпарат министрлігіне жібереміз", - дейді Атырау облысының Дін істері басқармасының бас маманы Ерлан Ерғалиев
Атырау облысы Дін істері басқармасы ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңының 3 бабы 5 тармағына сәйкес жеке тұлғалардың дінге көзқарасы себептері бойынша азаматтық құқықтарының бұзылуына немесе олардың діни сезімдерін қорлауға, қандай да бір дінді ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіруге жол берілмейтінін ескертті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір