19 Қыркүйек, 2023 Әлем
Фото: Ашық дереккөз
Әзербайжан әскері Таулы Қарабақ аймағына әскери операция жариялады. Қазір шекарадағы Ханкенді, Агдере, Шуша аймағында соғыс жүріп жатыр. Әзербайжан билігі Арменияны 2020 жылғы үшжақты келісімді бұзды және теракт ұйымдастырды деп айыптап отыр.
"Үшжақты арыз беру ережелерін қамтамасыз ету, Қарабақ экономикалық ауданында кең ауқымды арандатушылықтардың жолын кесу, Армения Қарулы күштерінің құрамаларын біздің аумақтарымыздан қарусыздандыру және шығару, олардың әскери инфрақұрылымын бейтараптандыру, оккупациядан босатылған аумақтарға оралған бейбіт тұрғындардың, құрылыс-қалпына келтіру жұмыстарына тартылған азаматтық қызметшілердің және біздің әскери қызметшілеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Әзербайжанның конституциялық құрылымын қалпына келтіру мақсатында өңірде жергілікті сипаттағы терроризмге қарсы іс-шаралар басталды", – деп хабарлады Әзербайжанның қорғаныс министрлігі.
Шетелдік БАҚ-тардың дерегінше әскери операция жариялауына Таулы Қарабақ маңындағы Әзербайжан әскері мінген көліктің жарылуы және 6 сарбаздың өлімі себеп болған. Ал армяндар болса бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Әзербайжанның Қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақтағы бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігіне зиян тимейтінін айтқан.
Қарабақтағы армян үкіметінің бұрынғы басшысы Рубен Варданян интернетте "аймаққа артиллериядан шабуыл жасалып жатқанын" жазды. Арменияның Степанакерт қаласында әуе дабылы қағылғаны хабарланды.
Естеріңізге сала кетейік, Армения мен Әзербайжан арасындағы Таулы Қарабаққа қатысты аумақтық дау 1980 жылдардың аяғынан бері жалғасып келеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір