20 Қыркүйек, 2023 Әлем
Фото: Ашық дереккөз
Украина президенті Владимир Зеленский БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында Ресейдің ядролық қаруға иелік етуге құқығы жоқ екенін айтты. Сөз барысында Зеленский КСРО ыдырағаннан кейін Украина Ресейге ядролық арсеналын берген елдердің қатарында екенін еске салды.
"Украина өзінің үшінші үлкен ядролық арсеналын берді. Содан кейін әлем Ресей осындай алпауыт күштің сақшысы болуы керек деп шешім қабылдады. Бірақ тарих Ресейді қарусыздандыру керек екенін дәлелдеді. Сонау 1990 жылдары... Ресейді қазірдің өзінде қарусыздандыру керек. Өйткені террористердің ядролық қаруды иеленуге құқығы жоқ", - деді Зеленский.
Сондай-ақ Зеленский Молдава, Сирия, Грузия елдерін мысалға келтіре отырып, Ресейдің әр 10 жыл сайын соғыс ашатынын айтты.
"Ресей Белорусь елін жұтып алды десек те болады. Қазақстан мен Балтық елдеріне сес көрсетіп отыр. "Сахна сыртындағы көлеңкелі келіссөздерден" хабардармын. Зұлымдыққа сенуге болмайды. Пригожиннен "Путинге сенуге бола ма?" деп сұрап көріңіздер. Өтінемін менің сөзіме құлақ асыңыздар. Барлығы ашық түрде шешілсін", деді Зеленский
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір