• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:03:59
Алматы
+12°

21 Қыркүйек, 2023 Барлық аймақтар

БАҚ-қа қарсы талап мерзімі қысқартылмақ

Бұл туралы мәжілісте Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов айтты.

Ашық дереккөздерден алынды

Масс-медиаға қатысты заң жобосы мәжілісте кеңірек талқыланып, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов «Масс-медиа» туралы заң жобасы арқылы журналист мәртебесін көтеру туралы айтты.

Вице-министр журналист мәртебесін арттыру үшін ең бірінші Масс-медиа туралы заң жобасы ауқымды құжат екенін айта отырып, журналист мәртебесін арттыру қажеттігі туралы тілге тиек етті.

  • Масс-медиа жөнінде қазіргі заң жобасына талап мерзімінің өтуі сынды түсінік қосамыз. Бұл журналистердің мәртебесін арттыратын тұжырымдамалық норма. Талап мерзімінің өтуі масс-медиа туралы салалық заңда болады. Талап мерзімінің өтуі дегеніміз не? Қазіргі уақытта тұлғаның ар-намысына нұқсан келтіретін қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда ол кез келген уақытқа сотқа бере алады. Қазіргі уақытта біз бұл мерзімді 3 жылға дейін қысқартамыз. Үш жылға дейін ұсынамыз. Мұны Парламент қабырғасында да талқылаймыз. Өкілетті органдармен де жұмыс істейміз. Министрлік ұстанымы – тағы да шағын мерзімге қысқартуға болады. Бір жылды қарастырып отырмыз, оған қарсы емеспіз. Егер тұлға аталған мерзімінің ішінде, ал қазіргі жағдайда 3 жылда ар-намысын қорлау бойынша бұқаралық ақпарат құралына талап бермесе, онда ол бұл құқығынан айырылады. Егер үш жыл өтіп кетсе, онда уақыт өтті деп есептелініп, оның наразылығы негізсіз саналады әрі қабылданбайды», - деді вице-министр.

Сонымен қатар ол ең алдымен бұл – халықаралық тәжірибеге байланысты екенін, екіншіден, бұл – халықаралық құқық қорғау ұйымдарының талабы және министрліктің ұстанымы екенін айтады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: БАҚ медиа заң жобасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір