25 Қыркүйек, 2023 Экономика
Өсіре алмаймыз. Бидай егуді қою керек
Мақта алқаптарын қысқартып, күріш егуге де тыйым салған жөн.
eldala.kz
Биыл астық шығымы өте төмен болады. Гектарына 8 центнерге жетпеуі мүмкін. Шығын деген шаш-етектен.
Тың игеруді осымен қою керек. Астық шықпайды, пайдасы нөл.
Бидайды өсіре алатын Жаңа Зеландия егіннің гектарынан 100 центнер бидай алады, Ирландияда тіпті жүзден асады.
Қытай, Пәкістан, Ресей, Ресей, Украина, Иран біздей-ақ алқапқа бидай егеді, шығымы гектарына 25-60 центнер. Бізде 9.
"Расында, біз совет одағынан қалған шіріген мұрадан құтыла алмай жүрміз. Жер-көкке сыйғызбай мақтаған "тыңнан" қазаққа не пайда. Ысыраптан басқа ештеңе жоқ. Суды да босқа шығындап жатырмыз, бидайды да өсіре алмай жатырмыз.
Міне қараңдаршы қандай егін қазақтар жинайды сол жыл сайын егілетін бидайдан. Мұрнымызды шүйіріп жоғарыдан төменге қараймыз моңғол мен қырғызға, ал қазақпен салыстырғанда олар қалай бидай жинайды екен, қараңдар.
Қырық жылдан асқан соғыстан бас көтере алмай жүрген ауғандарды айтпай-ақ қояйын. Артта қалған ауғандардай жұмыс істей алмаймыз бидаймен. Соғысты басқан кешкен кедей тәжіктердің нәтижесін қараңдар. Ал өзбек пен пәкістандықтар қазақтармен салыстыруға да келмейді.
Жылдан жылға құлдырап бара жатыр қазақ. Тоқаев профессионалдарымен тез құлдыраймыз деп ойлаймын. Сол үшін, ең болмағанда, Ауғанстан мен Тәжікстан артта қалған елдер деп айтпаңдаршы, ағайын", деп жазады Қайрат Әлімжан.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір