• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 07:51:03
Алматы
+35°

28 Қыркүйек, 2023 Барлық аймақтар

Қарағанды жарықсыз қалды

Қарағандыдағы ЖЭО-да болған апат салдарынан қала тұрғындары жарықсыз қалды. Қарағанды қаласының технологиялық бұзушылық бойынша баспасөз хабарлмасы болған жағдай бойынша мәлімдеме жасады.

Фото: ашық дерек көздерінен

 

«Қарағанды-Энергоцентр» ЖШС 220 кВ ЖЭО-3 ашық тарату құрылғысында қысқа тұйықталу және Қарағанды ЖЭО-3 және Топар ГРЭС байланыстыратын 110 кВ электр беру желілерінің одан әрі шамадан тыс жүктелуі салдарынан аталған электр станцияларында генерацияның толық төмендеуі орын алды. Өндірістің төмендеуіне байланысты Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының өнеркәсіптік тұтынушылары бойынша шамамен 350 МВт шектеулер енгізілді»  – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған электр станцияларының жұмысы қалпына келтірілуде. Жақын арада шектеулер алынады.

Жағдай Энергетика министрлігімен Қарағанды облысы әкімдігінің бақылауында.

Технологиялық бұзушылықты тергеумен Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті айналысады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қарағанды

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір