Пашаева 24 қыркүйекте шығу тегі белгісіз гипотония диагнозымен ауруханаға түскен.
Депутат Бакудегі Орталық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде емделді. Парламентарийдің емделуіне Түркиядан да медицина мамандары тартылған.
Пашаева 1975 жылы 24 наурызда Товуз қаласында дүниеге келген, екі жоғары білімі бар.
Ғанира Пашаева кәсіби мансабын 1998 жылы теледидардан бастап, ұзақ уақыт еліміздің жетекші медиа құрылымдарында жұмыс істеген.
2005 жылы Гейдар Әлиев қорының баспасөз қызметін басқарды. Сол жылы ол алғаш рет Әзірбайжан Милли Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Пашаева парламенттің үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы шақырылымдарының депутаты болды.
Пікір қалдыру