29 Қыркүйек, 2023 Барлық аймақтар
Алаяқтықтың жаңа түрі
Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі таралып жатыр. Бұл ретте олар "Қазақстан поштасынан" жалған смс-хабарламалар таратып, тұтынушылардың күмәнді сілтеме арқылы өтуін сұрайды, деп хабарлады "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметі.
Фото: ашық дерек көзінен алынған
"ҚР азаматтары мен "Қазпошта" клиенттеріне сәлемдемені жеткізуді тоқтату туралы хабарламалар жіберілуде. Өздерінің сәлемдемелерін төлеу және алу үшін алаяқтар күмәнді сілтеме бойынша өтуді ұсынады. Хабарламалар жалған электрондық пошта мекенжайларынан жіберілуде", – делінген ресми хабарламада.
Осы орайда "Қазпошта" АҚ клиенттер мен онлайн-платформа пайдаланушыларын аса сақ болуға шақырады. Бұған дейін фишингтік сайттар арқылы онлайн-тауарларды жеткізу қызметтерін ұсынатын алаяқтардың жағдайлары тіркелген.
"Қазпошта" АҚ ескертуінше, банк картасының нөмірі мен CVV кодын жарияламау аса маңызды.
"Егер сіз фишингтік сайттағы сілтемені пайдалана отырып, тауарды жеткізу төлемін жасауды шешсеңіз, бұл шешім үшін өзіңіз жауапты боласыз. "Қазпошта" АҚ хабарламаларды тек 1499 ресми қысқа нөмірінен жолдайды", – деп жазды "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір