02 Қазан, 2023 Саясат
Кавказ өңірі Кремльден құтыла бастады
Ресей Армениядан да, Әзербайжаннан да біржола айырылды.
ruscow
Посткеңестік территориядағы жанжалдың бәрі – Мәскеу жоспарлап, Мәскеу жүзеге асыратын жанжалдар. Мәскеу қолдан кикілжің туғызатын жағдай жасайды, сосын бітімгер ретінде әскерімен кіріп келіп, елдерді татуластырғансымақ болады.
Шындығында, Ресейдің бар діттейтіні – тараптар арасындағы қайшылықты пайдаланып, өңірдегі жағдайды уысында ұстап тұрған төрешідей көріну.
Таулы Қарабақтағы таусылмай келген дау да сондай схема еді. Ресейдің мақсаты Армения мен Әзербайжанды уысынан шығармай ұстап тұру болатын.
Мәскеудің өз мүддесі үшін бұлармен ойын ойнап отырғанын Армения мен Әзербайжан түсінді. Артында Түркия тұрған Әзербайжан күні кеше бұл дауға нүкте қойды: Қарабақ Әзербайжанның жері, ал онда тұратын армяндардың құқығы қаптаған түрлі халықаралық конвенцияларға сәйкес реттелуі тиіс.
Ресей енді Армениядан да, Әзербайжаннан да айырылды. Мәскеу жақтан ойбайлаған, зарлаған дауыстар естіліп жатыр. Түркия Ресейдің одақтасы емес. Ендеше Ресейді енді Кавказдан түбі біржола теуіп шығарады.
Ресейді Кавказдан ығыстырудың басы басталды. Ертең Шешенстанды билеп отырған Қадыров деген әумесер "анау-мынау" боп кетсе, сол өңірде де үлкен өзгерістер болады. Сондықтан ресейліктерге кеш болмай тұрғанда заттарын буып-түйіп, Кавказдан көшіп кету жағын ойластыра бастау керек.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір