• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 12:11:11
Алматы
+12°

Қала әкімі үздіксіз жылумен жабдықтау үшін Южная қазандығын реконструкциялауды аяқтауды тапсырды

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары аясында Бостандық ауданындағы Южная қазандығының реконструкциялау нысанымен танысты, сонымен қатар, Бостандық ауданының тұрғындарын электр қуатымен қамтамасыз ететін «Алмагүл» қосалқы станциясына барды.  Басты мақсат – инженерлік инфрақұрылым нысандарының алдағы жылыту маусымына дайындығын тексеру, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Алғашқы нысанда мегаполис басшысы Алматы қаласындағы Южная аудандық қазандығының қайта жаңарту барысын тексерді. Жоба аясында 3 ескі су жылытатын қазандық жаңаланып, 1 қазандық күрделі жөндеуден өтеді.

Қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Талғат Малыбаев әкімге қазір барлық технологиялық жұмыс аяқталғанын, газ құбырларын, түтін мұржаларын оқшаулауды, мазут сақтау резервуарларын қоршауды, монтаждауды, сонымен бірге іргелес аумақты абаттандырудың, іске қосу-реттеу жұмыстарының жалғасып жатқанын айтты.

Ерболат Досаев Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы басшылығының назарын мердігер ұйымның жұмыстарды аяқтаудың бұрын бұзылған мерзіміне аударып, биыл 1 қазаннан кешіктірмей нысанның 100% дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Анықтама: бұған дейін жобаның уақытылы аяқталуына жол бермеу үшін әкімдік «Силумин-Восток» ЖШС жеткізушісі ұсынған 5 сәйкес келмейтін желілік сорғыны ауыстыру жөнінде жедел шаралар қабылдаған болатын, себебі желілік сорғылардың электр қозғалтқыштарының тез қызып кетуіне байланысты түйткілдер туындады. Мәселен, 2022 жылы әкімдік қазандықты реконструкциялау жөніндегі жұмыс жобасы аясында орнатылған бес желілік су сорғысы үшін төленген соманы қайтару үшін Алматы қаласының МАЭС-не талап арыз берді. Осыған байланысты, мердігер ұйымнан төленген желілік сорғылар үшін жергілікті бюджеттің кірісіне жоғарыда көрсетілген соманы өндіріп алу үшін сот процесі жүргізілді. Бүгінде бұл іс Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының пайдасына шешілді, сот шешімі күтіліп отыр.

«Бостандық ауданында қазандықты реконструкциялау жобасы аяқталып келеді: қуаты 55 Гкал-сағатқа артты, 190 Гкал-сағатқа жетті. Бұл қаланың оңтүстік бөлігін, 200 мың тұтынушыны, соның ішінде әл-Фараби даңғылынан төмен Гагарин, Розыбакиев, Жароков көшелеріндегі жаңа тұрғын үй кешендерін үздіксіз жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Ерболат Досаев мердігер ұйымға келесі аптадағы аралық қорытынды туралы баяндауды тапсырды.

Қала әкімі құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау сапасына қатысты бірқатар тапсырма берді. Ерболат Досаев бұл іс тұрақты түрде бақыланып тұру керектігін айтты.

Алматы әкімінің келесі аялдаған нысаны биыл 1 тамызда пайдалануға берілген «Алмагүл» жаңа подстанциясы болды. Жаңа нысан 100 мВт қуатқа арттыі. Подстанцияның басты міндеті – қазіргі және жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешендерін қосқанда 200 мыңнан астам тұтынушыны қамту. Қазіргі таңда коммуналдық қызметтер Алмагүл шағын ауданы, әл-Фараби - Жароков - Өтепов - Розыбакиев көшелерінің квадратындағы осы подстанцияға тұрғын үй кешендерін қосу бойынша жұмыстарды аяқтады.

Жаңа подстанциядан тарату пункттеріне қуат беру үшін ұзындығы 10,2 шақырым 10 кВ кабельдік желілердің трассасы салынғанын атап өткен жөн, сонымен бірге осы қосалқы станцияға 110 кВ электрмен жабдықтаудың 4,8 шақырым кабельдік желісін төсеу аяқталды.

Қазір «АЖК» секцияларда кабельдерді қосу және тұтынушылардың жүктемесін бөлу жөніндегі іс-шараларды қолға алған. Жұмыс кестеге сәйкес жүргізіледі.

Инженерлік инфрақұрылым нысандарын аралау қорытындысы бойынша Алматы әкімі қаланың алдағы жылыту маусымына дайындығы мәселесі ерекше бақылауда екенін атады. Коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері барлық жұмысты бекітілген кестеге сәйкес аяқтауға тиіс.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір