Яғни, 5,5 млн құқық бұзушыға 128,2 млрд теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 88,3 млрд теңгесі өндірілді. Өз кезегінде айыппұлдардың басым бөлігі немесе 4,6 млн айыппұл алғашқы 7 тәулік ішінде 44,1 млрд теңге сомасына 50 пайыз жеңілдікпен төленді. Былтырғы жылмен салыстырғанда, әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу көрсеткіші 68,8 пайызды құрады.
Соның ішінде ең көп айыппұл салынған өңірлерге: Алматыда – 16,8 млрд теңге сомасына 1 млн құқықбұзушылық, 12,7 млрд теңге төленді.
Астанада – 12,7 млрд теңге сомасына 800 мың құқықбұзушылық, 8,6 млрд теңге төленді.
Ең аз Павлодар облысында 11,8 млрд теңге сомасына 92 мың айыппұл салынған, оның 11,3 млрд теңгесі төленген.
Барлық әкімшілік құқықбұзушылықтардың 95 пайызын ішкі істер органдары анықтаған. Ішкі істер органдары 5,3 млн құқықбұзушыға шамамен 68,4 млрд теңге көлемінде айыппұл салған. Оның ішінде мемлекет бюджетіне 51,7 млрд теңге түскен.
Айыппұлдардың негізгі бөлігін фото-бейнетіркеу камераларымен тіркелген құқықбұзушылықтар құрады. Ол бойынша 38,1 млрд теңге сомасына 3,4 млн астам ұйғарым шығарылған.
Пікір қалдыру