04 Қазан, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде зақымданған қала әкімдігінің ғимаратын реконструкциялау аяқталды.
Ғимараттың тарихи келбеті сақталып, заманауи технология мен құрылыс стандарты ескеріліп, қалпына келтірілді. Қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіздігі ескерілді, тиімді энергия тұтыну технологиясы пайдаланылды.
Сонымен қатар, азаматтардың барлық санатының жайлылығы үшін инклюзивті шешімдер енгізілді.
Реконструкциядан кейін кабинеттердің ауданы өзгеріссіз қалды, ал ғимаратта 14 басқарма мен әкім аппараты орналасады.
Қалалық әкімдік ғимаратында энергия үнемдеу технологиялары қолданылып, өртке төзімді материалдар пайдаланылды, сондай-ақ барлық қабаттар бойынша өрт сөндіру және кіруді бақылау жүйелері бар. Сонымен қатар, халықаралық стандарттарды ескере отырып, ғимараттың сейсмикалық күшеюі мен жер сілкінісіне төзімділігі бойынша үлкен жұмыс жүргізілді.
«Әкімдік ғимаратын реконструкциялау кезінде бөлшектеу барысында белгілі бір қиындықтар байқалды. Мысалы, өрт кезінде бірнеше плиталар беріктігін жоғалтты және оларды жаңа жолмен толтырып, күшейтуге тура келді. Сейсмикалық күшейту жұмыстары аясында металдың көп мөлшері жұмсалды, қазір бұл жұмыстар көрінбейді, бірақ төтенше жағдай кезінде берік конструкциялар ғимаратты сақтап қалуға мүмкіндік береді», - деді «Атрикс-Строй» ЖШС құрылыс компаниясының директоры Әміржан Нәбиев.
Оның айтуынша, Алматы әкімдігінің ғимараты реконструкциядан кейін жер сілкінісі болған жағдайда 10 баллға төтеп бере алады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір