• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Қазан, 21:23:03
Алматы
+8°

04 Қазан, 2023 Барлық аймақтар

Автономия кезінде ана тіліміз бұлай қорланбаған...

Соңғы кездері елімізде туған тілімізге қатысты талас-тартыс көбейіп кетті. Көбейгенде де сорақылықтың түр-түрі орын алып жатыр.

Сурет ашық дереккөздерден алынды

Қазақ тілінің мәртебесі түсіп жатса да, қорланып жатса да шарасыз күйде отырғанымыз жанымызға батады. Ал тілдің жайын ойлағандар жазаланып жатыр. Жақында ғана Шығыс Қазақстандағы Риддер қаласында жалғыз қазақ мектебі күрделі жөндеу деген желеумен жабылды. Қазақ мектебінің жабылмауы үшін блогер Диас Құзайыровтың әкімдік пен мәслихатқа заңсыздыққа жол бермеуді сұрап, тіл үшін шырылдағаны жергілікті билікке ұнамаса керек, үстінен арыз түсірді. Тіпті үйіне дейін тінту жіберген. Диас секілді тіл үшін күресіп, жанталасып жүргендер «ұлтараздық тудырды» деп тұтқындалады.

Осы орайда, мәжіліс депутаты Қазыбек Иса «Мемлекеттік қызметкерге мемлекеттік тілді білу талабы жоқ» дей отырып, сонау автономия кезінде де тіліміз мұндай жағдайға түспегенін айтады.

– Қазақ Республикасы 1920-1925 жылдар аралығында Ресей құрамында болса да, автономиямыздың орталығы Орынборда болса да, барлық елдімекендерде кеңсе тілін қазақ тілінде жүргізуді енгізген. Тіпті орыстар көп шоғырланған солтүстік өңірлерде де кеңсе тілін қазақ тілінде жүргізуге қаулы қабылдаған. Дұрыс жолға қойылып келе жатқан бұл ұлттық һәм мемлекеттік мүддені қорғаудан туындаған қасиетті іс мемлекет басына қанішер Голощекин келіп толастап қалды. Сонда біз әлемдегі 30 елдің қатарына ұмтылған Тәуелсіз Қазақстан 30 жылда осыдан 100 жыл бұрынғы Ресей құрамындағы астанасы Орынбор болған Қазақ автономиялы республиканың ашаршылықта, атыс-шабыс, қиын-қыстауда өткізген алғашқы 5 жылында жеткен жетістігіне жете алмау нағыз масқара қорлық емес пе? Тәуелсізбіз деп қалай айта аламыз? Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінің дамуы Ресейдің құрамындағы Татарстан автономиясындағы татар тілінің дамуымен бірдей деңгейде деген нақты дәлелдемені оқығанда бойында қаны бар қазақтар намыстан өліп кете жаздап едік...

Бұдан бір ғасыр бұрын Қазақ автономиясында дамып келе жатқан қазақ тіліне өзі қазақша білмейтін жауыз Голощекин қарсы болған екен. Ал Тәуелсіз Қазақ Республикасында мемлекеттік тілдің дамуына 30 жыл бойы кім қарсы болып келді?! Әрине, Қазақ тіліне қарсы Қазақ билігі, қазақша білмейтін шенеуніктер, – дейді мәжіліс депутаты.

Бифат Елтаева

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір