09 Қазан, 2023 Әлеумет
Қазақстанда қазақ тарихына тыйым салынды
Тсс, тыныш! Қазақ оянып кетпесін...
ашық дереккөзден
Қазақстанда ғалымдар мен ғылым ұйымдары қызметкерлеріне арналған ресми "нұсқаулық" пайда болды. Ол орыс тілінде. 2023 жылғы 6 қазанда келісіліп, қол қойылған құжат.
Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылыми қызметкерлерге мақала жариялау мен баспасөзге сұхбат бергенде "байқап сөйлеу" керек екенін ескерткен екен.
Нұсқаулық елдегі ғалымдарға қазақ тарихындағы отарлаушылық, 1920-шы жылдардағы және 1930-шы жылдары қайталанған аштық, қазақтың ата жұртынан қоныс аударуы, қуғын-сүргін сияқты күрделі мәселелерге баға бермеуге шақырады.
- Мемлекетаралық, ұлтаралық, дінаралық даулар мен кикілжің туғызуы мүмкін деректер мен фактілерге жол бермеу керек деген екен.
- Тарихи тұлғаларға тіл тигізуге болмайды.
- Ғалымдарға енді хиджаб мәселесі, көше-қаланың атауын өзгерту сияқты даулы әлеуметтік тақырыптар бойынша БАҚ-қа сұхбат беруіне тыйым салынады.
- Мақаласы, не сұхбаты баспасөзде жарияланбас бұрын мәтінді міндетті түрде тексеріп, мақұлдау керек болды ғалымдарға.
Ғылым және жоғары білім министрлігі ҚР Конституциясында сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік берілетінін, цензураға тыйым салынатынын ұмытып кеткен бе?
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір