• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 04:42:33
Алматы
+35°

Жобаға 18 жастан 35 жасқа дейінгі жас аралығындағы азаматтар қатысып, 1 млн теңге көлемінде мемлекеттік қолдау грантын жеңіп   идеяларын жүзеге асыра алады.Жобаға 18 жастан 35 жасқа дейінгі жас аралығындағы азаматтар қатысып, 1 млн теңге көлемінде мемлекеттік қолдау грантын жеңіп   идеяларын жүзеге асыра алады.

Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында жобаның аймақтық үйлестірушісі Эльзира Жүнісованың айтуынша, республика бойынша бөлінген 28 гранттың 8-і Абай облысына тиесілі. 

«Zhas project» жобасының негізгі талабы – оның әлеуметтік бағытына байланысты. Ал мақсаты – 18 жастан 35 жасқа дейінгі жастар арасындағы халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау. Іс-шара Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Абай жастары 8 млн теңге көлеміндегі өтеусіз грант қаражатын ала алады. Ескеретін жайт, қаражат жер учаскелері мен белгілі-бір жабдықты сатып алуға жұмсалатын болса жобалар бағдарламаға қатыса алмайды. Сондай-ақ, ғылыми зерттеулер мен қолжазбалар жазуға да қолдау көрсетілмейді, - деді Эльзира Жүнісова.
Аталған жобаны ұйымдастыруға және жас кәсіпкерлерді қолдауға «Абай облысының Жастар ресурстық орталығы» КММ көмек көрсетеді. Орталық директоры Айдос Төлеуханов өңір жастары «Zhas project» бағдарламасының мүмкіндіктері туралы біраз уақыттан бері хабардар екендігін атап өтті.

джж

Миллион теңге қаражатты ұтып алу жастар үшін жақсы мүмкіндік. «Zhas project»  жобасы Семейде 2018 жылы жүзеге асырылған және жастардың көбісі аталмыш жобамен таныс. Бүгінгі күннен өтінімдерді қабылдау басталады. Ең бастысы, жобаның әлеуметтік бағыты мен маңызы зор. Басты шарт – байқауға қатысушы үміткерлер Абай облысында тұрақты тіркеліп тұруы, - деп атап өтті Айдос Төлеуханов.

льд

Өтінімдер «Zhas project» сайтында 9-22 қазан аралығында қабылданады. 23 қазаннан техникалық іріктеу жүргізіліп, жеңімпаздар 1 қарашадан бастап анықталады. 
- Жобаға басынан аяғына дейін менторлар жетекшілік етеді. Олардың міндеті – грантқа қолы жеткен қатысушыға әртарапты қолдау көрсету, командаға бағыт-бағдар сілтеу. Грантты ұтып алған жеңімпаздар онлайн-тренингтен өтеді. Онда жұмысқа орналасу, әлеуметтік кәсіпкерлік, көшбасшылық сыңды өмірлік маңызды дағдыларды игереді. Біз өңірімізде алғашқы грант ұтқан жеңімпаздарға оқыту-тренингтерінен бастап, есеп беру жұмыстарына дейін қадағалап, жәрдемдесетін боламыз, - деді Эльзира Жүнісова.
Сонымен қатар, Айдос Төлеухановтың айтуынша, жоба негізінен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан жастарға ерекше назар аудармақ.

- Жоба талабына сәйкес, Абай облысының аумағында тұратын, тұрақты жұмысы жоқ, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын ҚР азаматтары қатыса алады. Бағдарлама екі кезеңнен тұрады – техникалық және конкурстық. Комиссия құрамы 31 қазанға дейін барлық өтінімдерді қарап, шешім шығарады. Бұл жастар үшін өз идеяларын жүзеге асыруға және мемлекеттен қолдау алуға тамаша мүмкіндік, - деп қортындылады Айдос Төлеуханов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір