• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 20:48:56
Алматы
+35°

10 Қазан, 2023 Сұхбат

Жаңа Қазақстан арам сайлаумен алысқа бармайды

Сайлау бюллетендеріне өзгеріс енгізетін кез келді ғой?!

Зейнеткер Мақсұт Қалыбаевтың ұсынған бюллетені

«Баяғы жартас – сол жартас. Алдағы тікелей сайлаудың да әділ өтетініне күмән бар», дейді Qamshy.kz редакциясына келген қоғам зерттеушісі Мақсұт Қалыбаев.

Иә, 5 қарашада үлкен сайлау өтпек. 45 аудан мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері тікелей сайланбақ.

Алматылық зейнеткер, қоғам зерттеушісі Мақсұт Қалыбаев «бұл сайлау да бұрынғыдай заңға қайшы әрекеттер мен алдау-арбау сценарийімен өткізіледі», деп күдіктенеді.

Оның сөзінше, сонау 1991-де Назарбаев сайланғаннан бері елімізде бір де бір сайлау әділ өткен емес. Ендеше бізге бұдан былай сайлауды ескі жүйемен өткізбеу керек. Сайлау жүйесіне жаңалық енгізу керек, дейді ол.

– Биліктің осы уақытқа дейін сайлауда қолданып келе жатқан технологиясы мен сайлаушылардың дауыс беру процедурасындағы бюллетеньдерді санау тәсілдері өзгермесе, бұрыннан келе жатқан жымысқы әрекеттер жалғаса береді. 30 жыл билік еткен Назарбаевтың қалыптастырып кеткен сайлау технологиясында ОСК-ның төрағасынан бастап, құрамындағы мүшелеріне дейін президент жарлығымен тағайындайтыны, өңірлердегі округтік, учаскелік сайлау комиссияларын жасақтау да жергілікті әкімдердің құзырында. Сол жүйені Тоқаев тұсындағы «жаңа Қазақстан» қолданып келеді, – деген ол сайлауды әділ ететін жаңа бюллетень ойлап тапқанын айтады.

– Біздің қоғамда бұрыннан пайдаланып келе жатқан сайлау бюллетенінде сайлаушының берген дауысын өзгерте салу өте оңай. Яғни, әр сайлаушы өзі берген дауыстың сол күйінде сақталатынына көз жеткізе алмайды. Өйткені комиссиядағылар қалай санаймын десе де, өз еркінде. Бақылаушыларды олар қасына жолатпайды.

Сол себепті алдағы сайлауларда дауыс беру бюллетендерін лотерея билеттері тәрізді сериялап, көп санды нөмірмен шығару қажет. Серия сайлау округі мен учаскелерінің атауларына қарап, алғашқы бір-екі бас әріптермен облыс атаулары белгіленсе, рим цифрымен сайлау округтері белгіленеді. Ал бюллетеньдегі нөмір әр сайлау учаскесінде сайлаушылардың санына жететін етіп мыңдық, он мыңдық цифрлармен жазылады.

Сайлау күні дауыс беруге келген сайлаушы сайлау комиссиясына төлқұжатын көрсетіп, белгі соқтырғаннан кейін, үстел үстіне жазуы астына қарап жатқан бюллетеньдердің біреуін алып, шымылдық ішіне кірген соң, өзінің таңдауын немесе қарсылығын жасайды да, бюллетень сериясының нөмірін жазып алады. Ал оның келесі бетіне өзінің қалаған бір белгісін салып жібереді. Содан кейін дауыс беру жәшігіне апарып салады. Осыдан кейін сайлаушы өз бюллетенінің ізін жоғалтпайды. Сол арқылы берген дауысын бұрмалауға да жол берілмейді, – дейді Мақсұт Қалыбаев.

 

Бифат Елтаева

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір