• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 13:03:31
Алматы
+35°

 Республика күніне орай Абай және Жетісу облыстары Ассамблеясының жастары Семей қаласында ағаш көшеттерін отырғызды.

 Жоба аясында екі облыстың Достық үйінің қызметкерлерімен бірлесіп «Ассамблея жастары» Бейбітшілік аралында 200 қарағай және басқа да ағаштар отырғызды.

Тут

 Жастардың басты мақсаты - қазақстандық патриотизмді, ұлттық – мемлекеттік сезімді бірегейлік пен ұлттық бірлікті нығайту, сондай-ақ ағаш отырғызу арқылы қоршаған ортаны көркейту.

 Ағаш көшеттерін отырғызу арқылы Мемлекет басшысының елімізді жасыл ету жөніндегі тапсырмасын орындау. Жетісу жастары жаңадан құрылған Абай облысының дамып, Семей экологиялық таза қала болуы үшін ағаш көшеттерін отырғыздық. Біз жастар арасында қоғамдық келісімді нығайтамыз, елімізді әдемі әрі таза етеміз, - дейді Жетісу облысындағы
«Қоғамдық келісім» КММ директоры Руфия Қасымқызы.

Ооаоу

Абай облысы қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы Олжас Соғымбай Жетісу облысының қонақтарына шағын естелік сыйлық сыйлап, осындай жобалардың маңыздылығын атап өтті.

Оаов

Біздің облыстарымыз жаңа және осындай бірлескен жобалармен екі облыс арасындағы қарым-қатынас одан ары жалғаса берсін, - деп атап өтті бөлім басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында елді көгалдандыруға ерекше назар аударып, орман қорларында 2 млрд ағаш және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызуды тапсырған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір