• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 18:11:14
Алматы
+12°

17 Қазан, 2023 Саясат

25 қазанда митингіге жол бермейміз – ІІМ өкілі

Ішкі істер министрлігі күшейтілген қызмет тәртібіне көшеді.

liter.kz

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қазақстанда Республика күні өтуі мүмкін митингілер туралы сұраққа жауап берді:

– Әскери колонна бір жаққа бара жатса – "соғыс басталды", полицейлер колоннасын көрсек – "митинг басталды" дейміз.

25 қазан бізде мемлекеттік мереке. Әрине, біз оған дайындалып отырмыз. Ішкі істер министрлігі күшейтілген қызмет тәртібіне көшеді. Қазір әкімдіктен өтетін шаралардың бәрі туралы сұрау аламыз, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін боламыз.

Митингке шақыруға келсек, ДВК мүшелерінің шақырулары бар. ДВК бізде экстремистік ұйым деп танылғанын ескертемін, олардың Қазақстан аумағындағы әрекеттері заңсыз. Біз олардың ешқандай да митинг өткізуіне жол бермейміз. Бұл бір. Екіншіден, жергілікті атқарушы органдарға митинг өткізу жөнінде өтініш беріп жатқан басқа да азаматтар бар, бізде митингтер алдын-ала ескерту тәртібімен ұйымдастырылады. Егер митингтің мақсаты мен өтетін орны заңға сай болса, оған рұқсат берілсе, біз онда тәртіпті күзетеміз. Егер алауыздыққа, мемлекеттің конституциялық құрылымын өзгертуге шақыратын ұрандар болса, біз шара қолданамыз, – деді ІІМ орынбасары Игорь Лепеха.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: митинг 25 қазан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір