Фото: Ашық дереккөз
Абай өңірінде Қазақстанда әлеуметтік қызмет көрсету мен оңалту жүйесін дамыту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Абай облысында «Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік және кәсіптік оңалту жүйесін дамыту: инновациялық тәсілдер» атты республикалық семинар-кеңес өтіп жатыр.
Оған еліміздің барлық өңірлерінен 130 қатысушы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының, мүгедектігі бар адамдарды оңалту орталықтарының өкілдері арнайы келген.
Семинардың мақсаты – ҚР әлеуметтік Кодексін іске асыру аясында мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қызмет көрсету, оңалту, құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жүйелерін дамыту перспективаларын анықтау.
Кездесуде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында жаңа әзірленген жобалардың әлеуеті қарастырылады.
Сондай-ақ, қатысушыларға БҰҰДБ-ның оқу пәтерлерін құру жобасының нәтижесі және «Инклюзивті қала» типтік даму бағдарламасы ұсынылды.
Абай облысы әкімі аппаратының басшысы Жасұлан Сәрсебаев мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, олардың толыққанды өмір сүруі мен қоғамға араласуы үшін тең мүмкіндіктер жасау мемлекеттің басты міндеті екенін атап өтті.
Сондай-ақ, ҚР Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орай қатысушылар үшін салтанатты шара ұйымдастырылды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір