• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Қараша, 15:57:32
Алматы
+12°

31 Қазан, 2023 Барлық аймақтар

gov.kz

Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық дамуына жауап берген бұрынғы вице-министр Тимур Тоқтабаевқа 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Qamshy.kz.

Тоқтабаев пайдалы қазбалардың ірі қорлары бар кен орындарын онымен үлестес тұлғаларға беру кезінде ауыр зардаптарға әкеп соқтырған лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

Тоқтабаев мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасынан айырылды.

Сосын қымбат мүліктері тәркіленді:

  1. Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Көкшоқы ш/а мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесі;
  2. Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Алматы бау-бақша серіктестігі мекенжайында орналасқан тұрғын үй;
  3. 2021 жылы шыққан «Mercedes-Benz Maybach S580 4MATIC» маркалы авто;
  4. 2021 жылы шыққан «Bentley Bentayga V8» маркалы авто.
  5. Он үш коммерциялық ұйымның қатысу үлесі.

Сонымен қатар, бұрынғы вице-министр Т. Тоқтабаевқа қатысты қылмыстық істі тергеу шеңберінде мемлекетке Қостанай облысындағы «Шевченковское» бірегей кен орны қайтарылды.

Кен орнында никель (1,075 млн тонна) және кобальт (585,9 мың тонна) қоры бар. Пайдалы қазбалар қорларының құны 5,6 трлн теңгеден асады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір