• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 21:16:07
Алматы
+8°

Астанаға ресми іссапармен келген Франция президенті Эмманюэль Макрон Париж еліміздің мектептерінде француз тілін қайта енгізуді ұсынды. Франция президентінің айтуынша бұл екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайта түседі. 

"Бізге француз тілін оқыту қазақ мектептеріне қайта оралғаны өте маңызды. Біз қазіргі жағдайды өзгертуге бар күш-жігерімізді салуға дайынбыз. Мен біздің білім беру ұйымдары арасында қол қойылған үкіметаралық келісімге зор үміт күтемін", - деді Макрон кеңейтілген кездесуде.
 
Франция президенті 2024 жылғы қыркүйектен бастап француз-қазақ университеті жұмыс істейтінін атап өтті.

"Студенттер арасындағы байланыстың дамығаны, студенттерімізге арналған стипендиялардың болғаны өте маңызды. Сондай-ақ мен сіздің Парижде сіздің еліңіздің мәдени мұрасына арналған көрмені өткізу туралы бастамаңызды қолдаймын. Гиме музейінің төрағасы бүгін менімен бірге келді, қазір біз келесі жылы өткізу мүмкіндігін талқылаймыз", - деді Макрон.
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір