07 Қараша, 2023 NEWS

Фото: Ашық дереккөз
Вице-премьер – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин "Қазақстан ешкімнің қорасы емес" деп мәлімдеді.
Жақында Франция президенті Эмманюэль Макронның Астанаға сапары қарсаңында Bloomberg агенттігі "Қазақстан – Ресейдің қорасы" деп атаған еді. Үкіметте өткен брифингте журналистер вице-премьерден осыған түсініктеме беруді сұрады.
"Қазақстан ешкімнің қорасы емес. Бұл – көпжылдық тарихы бар тәуелсіз мемлекет, мәңгілік ел. Мұның бәрі – бос әңгіме", – деді Жұманғарин.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір