08 Қараша, 2023 NEWS
Марапаттау рәсімі
Алматыда бірнеше номинациялар бойынша дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды (мақалалар, қысқа бейнероликтер және т.б.) дайындау байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Байқауға 4 номинация бойынша 160-тан астам өтінім жұмысы келіп түсті.
Салтанатты марапаттау рәсімі 7 қараша күні сағат 11:00-де «Holiday Inn Almaty» қонақ үйінде, «Aport Ballroom 1» залында өтті. Аталған іс-шараны Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша «JASTAR» дамыту орталығы» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Байқауға Алматы қаласында жұмыс жасайтын жергілікті және республикалық БАҚ журналистері, студенттер, тәуелсіз публицистер мен блогерлер қатысты. Байқауға орыс және қазақ тілдерінде барлығы 160-тан астам өтінім жұмысы келіп түсті. Ұсынылған жұмыстар діни заңнама нормаларын түсіндіру, конфессияаралық келісім мен толеранттылық, экстремистік діни ағымдардың әсер ету қаупі, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және оған қарсы күрес сияқты өзекті мәселелерді қамтиды. Қазылар алқасы барлық өтінімдерді қарап, жеңімпаздарды келесі номинациялар бойынша анықталды:
- «Интернет-ресурстағы қазақ тіліндегі үздік мақала» номинациясы бойынша - Қанат Сүлейменге 250 000 теңге ақшалай сыйақы және сертификат табысталды;
- «Интернет-ресурстағы орыс тіліндегі үздік мақала» номинациясы бойынша - Дастан Елдеке 250 000 теңге ақшалай сыйақы және сертификат табысталды;
- «Интернеттегі және әлеуметтік желілердегі ең жақсы тақырыптық қысқа бейнеролик» номинациясы бойынша - Олжас Айтбанов, Асхат Байтөре және Ерсұлтан Рахимбекке жекелей 120 000 теңге ақшалай сыйақы және сертификаттар табысталды. (Қазылар алқасының шешіміміен аталған номинация бойынша қарастырылған 350 000 теңге жалпы жүлде қоры ең үздік деп танылған 3 жеңімпазға теңдей бөлінді)
- «Ең белсенді блогер» номинациясы бойынша - Елнар Берикбаевқа 250 000 теңге ақшалай сыйақы және сертификат табысталды.
Сондай-ақ, басқа қатысушыларға 50 мың теңгедегі сомаға 5 ақшалай ынталандыру сертификаты табысталады.
Жүлделерді табыстау үшін Дін істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Көшеке Ерғали мен қазылар алқасының өкілі Құрманалиева Айнұр шақырылды. Байқауды ұйымдастырушылар БАҚ пен блогерлердің дін саласындағы ағартушылық жұмыстарының маңыздылығын атап өтті. Олардың пікірінше, бұл халықтың діни сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға және оған қарсы күреске қосқан қомақты үлес болып табылады. Байқауды ұйымдастырушы «JASTAR» дамыту орталығы» жастар қоғамдық бірлестігі қазылар алқасының мүшелеріне атқарған жұмыстары үшін жеке алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар тарапынан байқауға қатысушылардың барлығына ынталандыру сыйлығы ретінде М.Әуезов театрында қойылатын «Қазақтар» тарихи драмасына билеттер табысталды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір