• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 07:37:14
Алматы
+35°

14 Қараша, 2023 NEWS

Газа секторынан эвакуацияланатын қазақстандықтардың тізімі жарияланды

Тізімде Қазақстан төлқұжаты бар 122 адам және олардың отбасы мүшелері бар

Фото: Ашық дереккөз

Газа секторының шекаралар мен шекара бекеттері бойынша бас басқармасы қақтығыс аймағынан шығарылатын адамдардың тізімін жариялады. Оған Қазақстан төлқұжаты бар 122 адам және олардың отбасы мүшелері енді.
 
Бас басқарма тізімге енген адамдарға бүгін "Рафах" бақылау-өткізу пунктіне жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де (Астана уақытымен 10:00) келу керектігін де ескертті. Барлық адамды өткізу үшін сыртқы залдың өткеліне жинап жатыр.
 
Бұған дейін сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанның 40 азаматы және олардың төрт отбасы мүшесі Газа секторынан эвакуацияланғанын мәлімдеді.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір