14 Қараша, 2023 Әлеумет
Қандастарды қабылдау: 2024 жылға арналған квота белгіленді
Биыл 16 408 қазақ елге оралып, қандас мәртебесін алды.
Фото: inbusiness.kz
Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылы қандастарға және Қазақстанға қоныс аударушыларға берілетін өңірлік квоталар санын қоғам талқысына шығарды.
Бұйрық жобасына сәйкес, 2024 жылы:
1) қандастарды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасының саны 2 433 адам;
2) қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасының саны 7 050 адам болып белгіленді.
2023 жылы қандастарға 1 925 квота, қоныс аударушыларға 6 727 квота берілген болатын.
«Көші-қон туралы» заң бойынша квота бөлінген азаматтарға мынадай қолдау шаралары көрсетіледі:
- Бейiмдеу және ықпалдастыру орталықтарында тегiн бейiмдеу және ықпалдастыру қызметтерiн көрсету;
- ҚР денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық көмек көрсету;
- ҚР азаматтарымен тең жағдайда мектептерде және мектепке дейiнгi ұйымдарда орындармен, Үкiмет айқындайтын көлемде техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейiнгi және жоғары бiлiм беретiн оқу ұйымдарына оқуға түсуге бөлiнген квотаға сәйкес бiлiм алу мүмкiндiгiн беру;
- ҚР азаматтарымен тең жағдайда әлеуметтiк қорғау;
- ҚР заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдем беру.
Биыл жыл басынан бері, 9 айдың ішінде 16 408 этникалық қазақ атамекенге оралып, қандас мәртебесін алды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір