• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Қазан, 21:37:25
Алматы
+8°

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова еліміздегі тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін көтеріп, премьер-министр Әлихан Смайыловқа сауал жолдады. 

"Жемқорлық үшін сотталып, артынан рақымшылыққа ие болған экс-шенеунік өз әйелін өлтірді деген күдікке ілінді" деген жантүршігерлік ашық ақпараттардан қоғам дүрбелеңге түсті. Отбасылық зорлық-зомбылық, қатыгез патриархалдық озбырлыққа шыдамаған әйелдердің жан дауысын еститін және қатаң шара қабылдайтын уақыт жетті деп білеміз", - деді депутат. 

Сүлейменованың айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық болған жағдайда, хаттама жасау үшін қазір куәгерлердің, айғақтарына және бейне бақылауға сүйене отырып, зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша жәбірленушінің арызынсыз іс қозғау қарастырылған.

"Бірақ осыған қарамастан, зорлық-зомбылықтың толастамауы әйелдердің құқығын қорғау, балалардың қауіпсіздігін сақтау заңнамасын қатаңдатумен бірге, қоғамда қылмысқа мүлдем төзбеушілік принципі, заң мен тәртіптің қатаң сақталуы дәріптеліп, насихатталуын қажет етеді. Сол кезде қабылданған заңдар сапалы орындалатын болады", деді Сүлейменова. 

2021 жылы үйдегі зорлық-зомбылықтың сотқа тек 40 пайызы жеткен. Ал ондай абьюзерлерге көбіне кешірім беріліп, босаған, ал олардың тек 39 пайызы ғана 2 сағаттан 3 тәулікке дейін әкімшілік қамауда отырған.

– Отбасылық зорлық-зомбылық, қатыгез патриархалдық озбырлыққа шыдамаған әйелдердің жан дауысын еститін және қатаң шара қабылдайтын уақыт жетті деп білеміз. Осыдан тура бір ғасыр бұрын қазақ халқы дамыған прогрессивті ел болуы үшін әйел теңдігін іске асырып, қоғамдағы қазақ әйелінің ауыр жағдайын шешуге талпынды. Қыздарды білімге, өнерге үндеді, отбасындағы жөнсіз қаталдықты, мейірімсіздікті аяусыз әшкереледі. Қазақ әйелдерінің ендігі тағдыры бәрімізге тікелей байланысты. Отбасындағы зорлық-зомбылықты тоқтату үшін – бірінші елімізде құндылықтарға негізделген мәдениетті қалыптастыру, идеологияны жетілдіру, жауапкершілікті күшейту, ең бастысы заңды қатаңдату және оның сапалы орындалуын жүзеге асыруымыз қажет, - дейді депутат.

Қыркүйектің басында балаларға және отбасындағы әйелдерге қарсы жасалатын зорлық-зомбылықты тоқтату мақсатында, аманаттық-депутаттар арнайы заң жобасын тез арада әзірлеген. Үкіметтік емес ұйымдар, белсенді эксперттер, мемлекеттік органдармен бірлескен кеңейтілген Фракция отырысында заң жан-жақты талқыланып, пысықталған.

– Ең бастысы, заң жобасында зорлық-зомбылық қылмыстық іс болып танылады, педофильдер өмірбақи бас бостандығынан айырылады, жауапкершілік пен жаза күшейтіледі. Сонымен қатар, бұл құжат әйелдер мен балаларды қорғауға жоғары жауапкершілік және тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларына қатаң әрекет ету тетіктерін қарастырады. Дегенмен, небір «қыңыр мүдделі» топтардың араласуымен аталған заң тұжырымдасындағы нормаларды Үкімет қолдамай отыр. Әртүрлі эксперттік ортаға салып, түсініксіз себептермен заң әлі Мәжіліске келген жоқ. Өзіміз жасаған, әйелдер мен балаларды нақты қорғайтын заң жобасына қажетті қорытындыны Үкімет созбалауда. Сонда тағы да қаншама әйелдердің тағдырын сынғанын күтеміз? - дейді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір