20 Қараша, 2023 Барлық аймақтар
Ресейде 20 жылдай губернатор болған қазақ Аман Төлеев қайтыс болды
Саясаткердің өмірден озғаны туралы ақпаратты губернатор Сергей Цивилев ресми парақшасында хабарлады.
ашық дереккөздерден алынды
Кемерово облысының бұрынғы губернаторы Аман Төлеев 79 жасына қараған шағында дүниеден озды. Саясаткердің өмірден озғаны туралы ақпаратты қазіргі аймақ басшысы Сергей Цивилев ВКонтакте желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.
"1997 жылдан 2018 жылға дейін Кемерово облысының губернаторы болған Аман Гумирұлы Төлеев өмірден өтті. Ол – бүкіл өмірін Кузбасс пен Ресейге қызмет етуге арнаған жарқын, ерекше тұлға. Бұл – орны толмас қаза. Өңіріміздегі кей оқиғалар Аман Гумирұлымен байланысты: кеншілер Транссібір темір жолындағы қозғалысты бөгеген қиын-қыстау кезеңдерде аймақты басқарып, дағдарыстан шығара білді", – деп жазды губернатор.
Бұған дейін Аман Төлеев 2018 жылғы сәуір айында 60 адам, көбісі балалар қаза тапқан "Зимняя вишня" өртіне байланысты митингіден кейін әкім қызметінен кеткен болатын.
Сол жылы Төлеев өзінің саяси мансабын аяқтағанын хабарлаған еді. Сонымен қатар Аман Төлеев президенттік сайлауға үш рет: 1991, 1996 және 2000 жылдары үміткер ретінде қатысты. ТАСС агенттігінің мәліметінше, Аман Төлеев 1944 жылы 13 мамырда Түрікмен КСР-де дүниеге келген. Әкесі қазақ. Анасы жағынан татар, башқұрт қаны бар. Оның есімі Амангелді Имановтың құрметіне қойылған. Әкесі Молдағазы Қолдыбайұлы Төлеев майданда қаза тапқан.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір