• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Қараша, 08:40:18
Алматы
+12°

20 Қараша, 2023 Әлеумет

Ақтауда Білім бөлімінің басшысы ұсталып қалды

Бірақ соттың үкімі заңды күшіне енгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Фото: inbusiness.kz

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласында заңсыз баюдың жемқорлық схемасын ашқанын хабарлады.
 
Жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралардың нәтижелері бойынша Ақтау қаласы бойынша Білім бөлімінің басшысы әшкереленді.
 

Ол аз қамтылған отбасылардан шыққан отбасыларға тамақтандыру қызметтерін көрсету бойынша жасалған шарттар шеңберінде орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны, ақша қаражатын аудару және жалпы қамқорлығы үшін пара алу фактісі бойынша күдіктелуде.

 
Соттың санкциясымен күдікті қамауда ұсталады.
 
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
 
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір