• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Ақпан, 23:36:21
Алматы
+35°

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық күніне орай ұйымдастырылған салтанатты жиынға қатысып, Мемлекет басшысының және Парламент депутаттарының атынан айтулы мерекемен құттықтады.

Мәжіліс төрағасы Әмірліктердің тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстанға жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, екі ел арасындағы шынайы достықтың жыл санап артып келе жатқанына ерекше мән берді.

Тчьв

Палата төрағасы Әмірліктер Қазақстанның маңызды әрі сенімді серіктесі екенін, сондай-ақ жарты ғасыр ішінде экономикасы өрге басқан, қуатты мемлекетке айналғанын атап өтті.

Таь

Елдеріміз арасындағы екіжақты сындарлы байланыс пен барлық саладағы ынтымақтастығымыз жемісті дамып келеді. Ол, әрине, Мемлекеттеріміздің басшыларының үндескен саясатының арқасы. Биыл қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды. Екі ел басшылығының тұрақты кездесулері саяси диалог пен сауда-экономикалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтерді. Алдағы уақытта көшбасшыларымыздың серіктестікті тереңдетуге бағытталған жұмысын Парламент деңгейінде жалғастырамыз, – деді Мәжіліс спикері.

Тсьс

Ерлан Қошанов Біріккен Араб Әмірліктерінің бүкіл әлемде жаңартылатын энергия көздері жобаларын тиімді жүзеге асырып, осы саладағы озық технологиялардың орталығына айналғанына назар аударды. Осы орайда жақында Дубайда өтетін Климаттың өзгеруі жөніндегі 28-ші конференцияның табысты өтуіне тілектестік білдірді.

– Екі елдің ұқсас құндылықтары мен ұмтылыстары, сындарлы саясаты мен байыпты ұстанымдары, өзара сыйластығы Қазақстан-Әмірліктер қарым-қатынасын жемісті ынтымақтастықтың үлгісіне айналдырды десек артық айтқандық емес. Достас екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастың әлеуеті бұдан да зор. Бірге бағындырар белестер әлі алда деп білемін, – деді Ерлан Қошанов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір