• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 13:57:46
Алматы
+12°

24 Қараша, 2023 Ел

Қазақстан мен Қытай арасында әуе рейстері көбейеді

Желтоқсанда Алматы – Ханчжоу рейстері аптасына 4 рет ұша бастайды.

Фото: gov.kz

China Southern Airlines әуекомпаниясы 2024 жылғы 23 қаңтардан бастап аптасына 3 рейс жиілігімен Алматы – Бейжің бағыты бойынша рейстер ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тимур Тлегенов хабарлады.

Сонымен қатар сұраныс артқан кезде China Southern Airlines әуекомпаниясы Алматы қаласынан Үрімші және Сиань қалаларына, сондай-ақ Астана қаласынан Үрімші қаласына 2024 жылдың көктемгі-жазғы маусымынан бастап қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын ұлғайту мүмкіндігін қарастыруға дайын. 

Loong Airlines әуекомпаниясы биыл желтоқсан айында Алматы – Ханчжоу бағыты бойынша орындалатын рейстер санын аптасына 3 рейстен 4 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Келесі жылы жолаушылар ағыны артқан жағдайда әуе компаниясы рейстер санын аптасына 7-ге дейін арттыруды көздеп отыр. Сондай-ақ әуекомпания 2024 жылы Астана – Ханчжоу, Астана – Ченду және Алматы-Ченду әуе бағыттары бойынша рейстерді ашу мәселесін пысықтап жатыр. Air China әуекомпаниясы да Астана – Сиань – Пекин бағыты бойынша орындалатын рейстер санын аптасына 2-ден 3-ке дейін ұлғайту мәселесін қарастырып жатқанын хабарлады.

Бұл ретте әуекомпания Сиань қаласына қонбай, екі астана арасында аптасына үшінші рейсті тікелей орындау мәселесін де қарастыратын болады. Жалпы 2024 жылғы көктем-жаз навигация кезеңінде екі ел арасындағы рейстер саны қолданыстағы және жаңа әуе бағыттары бойынша аптасына 30 рейске дейін артады деп күтілуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір