• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 05:58:16
Алматы
+12°

24 Қараша, 2023 Барлық аймақтар

Арқалық ет комбинаты бұқтырылған киік етін өндіре бастады

Бір айға жуық уақытта кәсіпорын ауланған 500 ақбөкенді қабылдаған

фото ашықдереккөзден алынды

Қостанай облысындағы Арқалық ет комбинаты киік етін консервілеп шығара бастады. Бір айға жуық уақытта кәсіпорын ауланған 500 ақбөкенді қабылдаған. Бұл жоспарланған көлемнің алтыдан бір бөлігі ғана. Келісімшарт бойынша ет комбинатына қарашаның аяғына дейін үш мың киік өткізілуі тиіс. Өндіріске жіберілер алдында әрқайсының еті зертханалық тексерістен өтеді. Мамандардың айтуынша, өнімнің бұл түріне қазір сұраныс жоғары.

Серікболсын Оспанов, консервілеу цехының шебері:

- Автоклавқа келіп түседі. Осының ішінде піседі. Бәрі автоматтандырылған жүйеде. Бір сағатта піседі. 120 градуста қайнайды. Осының ішінде, стерелизация, охлождение бәрі осының ішінде болады, - дейді.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір