• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 19:36:57
Алматы
+12°

27 Қараша, 2023 Барлық аймақтар

Белсенді емес жеке кәсіпкерлікті жабу керек

Алматылықтарға жыл аяғына дейін белсенді емес жеке кәсіпкерлікті (ИП) жабуға кеңес берді.

Фото: ашық дерек көздерінен алынған

 
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлерге белсенді емес жеке кәсіпкерлікті жыл аяғына дейін жабу ұсынылды. Себебі келесі кезеңнің декларациясына түсіп қалуы ықтимал. 
 
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Заңғар Шындали қарыз міндеттемелерін нотариалды куәландыру жайын да реттестіруге кеңес берді. 
 
“Жоғарыда атап өткенімдей үшінші кезеңде декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме, егер жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға қызмет жүргізбесе де туындайды. Іс жүзінде кәсіпкерлік қызмет болмаған жағдайда, біз ағымдағы жылдың соңына дейін төмендегіні ұсынамыз:
 –  Егер сіз жеке кәсіпкер ретінде тіркелсеңіз немесе заңды тұлғаның басшысы болсаңыз, бірақ қазіргі уақытта қызмет жүргізбесеңіз, одан әрі жоспарламасаңыз, жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны жабу үшін Мемлекеттік кірістер басқармасына жүгінуіңіз керек”,  – дейді З. Шындали.
 
Бұл жағдайда кәсіпкер және оның жұбайы жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне үшінші кезеңінде емес, төртінші кезеңінде яғни есептілікті тек 2025 жылы тапсыра бастайды.
 
“Сондай-ақ 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 250.00 нысанын ұсыну бойынша міндеттемелері бар тұлғалар дебиторлық/кредиторлық берешекті декларациялау мақсатында борыштық міндеттемелерді 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін нотариалды куәландыру қажет”, – деп қорытындылады.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ӨКҚ жеке кәсіпкерлік

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір