• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 07:57:12
Алматы
+35°

27 Қараша, 2023 Саясат

Қазақстанда үкіметтік емес 23 мыңнан астам ұйым тіркелген

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың саны 100-ден 23 мыңға дейін артқан.

ғаламтор желісінен алынды

Еліміздегі азаматтық сектордың белсенді дамуы ҮЕҰ жетекшілері мен сарапшыларының жүйелі жұмыс істеуіне жасалған мүмкіндіктермен тікелей байланысты. Бұл тұста 2020 жылы 27 тамызда Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын» бекітуі айрықша маңызға ие. Азаматтық сектордың даму векторын айқындаған стратегиялық құжаттың арқасында еліміздегі түрлі салаларда ҮЕҰ белсенді құрылуда. Үкіметтік емес ұйымдардың негізгі мақсаты – әлеуметтік маңызды мақсат-міндеттерге қол жеткізу болып отыр. 

Тұрақты түрде жұмыс жасап тұрған ҮЕҰ-ның ең көп саны Алматы– 5017, Астана – 3554, Шымкент – 1512 қалаларында, Қарағанды – 1237, Қызылорда – 1217 облыстарында тіркелген. ҮЕҰ қызметінің ашықтығы мен жобалары туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 2017 жылы Министрлік «ҮЕҰ дерекқорын» енгізді. Бұл ретте ҮЕҰ санының артуымен қатар сапа көрсеткіші де маңызды. 2023 жылдың өзінде ҮЕҰ саны өткен жылдармен салыстырғанда 8,6 пайызға өскені айтылды. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: үкіметтік емес ұйым

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір